Дмитрий Валерьевич Пак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дмитрий Валерьевич Пак - 1975 жылы 1 тамызда Алматы қаласында туған. Корей. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген (1999), экономист-бухгалтер. 1999 жылдан - «Қазақстан халық банкі» ААҚ ЕҚЦБ секторының несие сарапшысы. 2002 жылдан - «Казкоммерцбанк» ААҚ Коммерциялық желіні қодау департаментінің жетекші менеджері. 2003 жылдан - «ТұранӘлем банкі» ААҚ Корпоративтік бизнес басқармасының аға банкирі, корпоративтік блоктың талдау және даму басқармасындағы әдіснама және даму бөлімінің бастығы; «ТехакаВанк» ААҚ филиал желісінің дирөкторы. 2004 жылдан - «Alwin group» инвестициялық-құрылыс компаниясының стратегия және инновациялар жөніндегі директоры. 2005 жылдан - «СМАТ» сауда-өндіріс компаниясының басқарма мүшесі; «АСА» құрылыс компаниясы жобалар жөніндегі директорының орынбасары, директоры. 2006 жылдан - «Каспий банкі» АҚ тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлікті несиелендіру департаменті директорының міндетін атқарушы; «Каспий Инвестициялық Холдингі» АҚ стратегиялық комитетінің мүшесі және жұмыс тобының жетекшісі. 2007 жылдан - «Caspian Engineering Group» компаниясының вице-президенті. 2007 жылдың сәуір айынан бері - «G4 City» ЖШС бас ди- ректоры. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу». Хоббиі - шахмат ойыны.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub