Дмитрий Алексеевич Огай
Дмитрий Алексеевич Огай (14 мамыр 1960, Жамбыл, КСРО) — Қазақ футбол бапкері.
Мазмұны
Карьерасы
Клубтық
Жамбыл футболының түлегі. 1980 жылы "Қайратқа" өткенімен негізгі құрамға іліне алмай, 1981 жылы "Пахтакорға" кетті. Ташкентте үш маусымдай ойнап, туған клубы "Химикке" оралды.
1986 жылы тағы да "Қайрат" сапына өтті. Сол маусымда қайраттықтар КСРО чемпионаты тарихындағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 7-орын алды.
1988 жылы "Қайрат" КСРО Федерациялары кубогын ұтқанымен, маусым соңында бірінші лигаға түсіп қалды да, бірнеше футболшылармен бірге Дмитрий де клубтан кетіп, мансап жолында үшінші рет "Химикке" оралды.
Бапкерлік
2000 жылы Дмитрий Огай "Есиль-Богатырь" клубының бас бапкерi болды. Онда ол жақсы жұмысты еңсерді<ref>Қызылжар тарихиҮлгі:Ref-ru</ref>. 2002 жылында Огай павлодардық "Ертiс" бапкері атанды. Павлодарда Огай "Ертiспен" Қазақстан Премьер Лигасы жеңді. 2004 жылында ол "Тобылдың" бас бапкерi болды. 2007 жылы Қазақстан кубогы және Интертото Кубогын жеңді. Ал 2010 жылы желтоқсанда ресейлық Урал бапкері атанды<ref>Дмитрий Огай: "Урал" раскроется по ходу чемпионата! Үлгі:WebarchiveҮлгі:Ref-ru</ref>. 2012 жылы "Нефтехимиктің" бас бапкерi болды<ref>Огай — главный тренер «Нефтехимика»Үлгі:Ref-ru</ref>.
Жетістіктері
Футболшы ретінде
- Қазақстан чемпионы: 1996
- Вице чемпион 1997
Бапкер ретінде
- Қазақстан чемпионы2002, 2003
- Вице чемпион: 2000, 2004, 2005, 2007, 2008
- Қола жүлдегер: 2001, 2006
- Қазақстан кубогы: 2007
- Интертото кубогы 2007
- Қазақстан кубогының финалисі: 2000, 2002
Марапаттары
- КСРО спорт шебері: 1982
- Қазақстандағы жыл бапкері: 2002, 2003, 2005
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- КСРО футболшылары
- Қазақстан футболшылары
- Қызылжар ФК жаттықтырушылары
- Ертіс ФК жаттықтырушылары
- Қайрат ФК ойыншылары
- Пахтакор ФК ойыншылары
- Тараз ФК ойыншылары
- Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары
- Ақтөбе ФК ойыншылары
- Каспий ФК ойыншылары
- Қазақстан футбол жаттықтырушылары
- Тобыл ФК жаттықтырушылары
- Тараз ФК жаттықтырушылары
- Қайрат ФК жаттықтырушылары
- Қайсар ФК жаттықтырушылары