Дия Ахметұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дия Ахметұлы (1.3.1871, Карағанды облысы Шет ауданы Акшатау а. - 13.6.1931, Қарқаралы қ.) - ақын. Есімі мен шығармалары ел есінде сақталып келген. Кеңес дәуірі кезінде Дияның көзқарастары саясатқа сәйкес келмегендіктен әдебиет тарихына енбей қалған. Жоңғар шапқыншылығынан елі мен жерін қорғаған Жарылғап батырдың ұрпағы. Оку жолындағы ізденісін ауыл молдасынан бастап, Уфадағы медресені тәмамдаумен аяқтайды. Стамбул қаласында болып, кітапханасындағы мол мұралармен танысады. Дия арнаулар мен толгаулар шығарып, айтыстарга катыскан. Арнаулары мыскылға, кекесінге құрылған, "Бабасқа", "Түсетайға", "Сапарғалиға" деген өлеңдерінде жеке адамдардың кескіп-кейпін бейнелесе, "Ағайынға", "Туған жер" толғауларында елдің тыныс-тіршілігін шыншылдықпен суреттейді. Бабас ақынмен айтысы (1923) өткір тілмен, шындықты бетке айтқан турашылдығымен ерекшеленеді. Дия өз өлеңдерінде ауыз әдебиетінің шағын жырларын (қоштасу, жоктау, т.б.) байытуға мол үлес коса білді.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}