Дифиллоботриоз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дифиллоботриоз. Балықтарда жалпақ құрттардың (Diphillobotrium latum) лентец пле -роцеркоидтың балаңқұрттары тудыратын ауру. Бұл ауру адамдардың, иттердің, мысықтардың, түлкілердің, т.б. ішектік ауруы болып табылады. Адамдарда паразиттердің ұзындығы 10 метрге дейін жетеді, ал терісі бағалы аңдарда 1,5 метрге жетеді. Плероцеркоидтің шоғырланатын жерлері денесінде, бауырында, уылды рығында және бұлшықеттерінде. Бұл құрттың сыртқы денесі көлденең жолақты сақиналар дан тұрады, ал оның ұзындығы 1 – 1,5 см, ені 2 – 3 мм, түсі ақ.

  • Дифиллоботриозбен зақымданған балықтардың сыртқы түрін қарағанда, ауруды табуға болмайды. Ауруға күдік туған кезде құрсақ қуысын жарып қарайды және ішектің, орган дардың, уылдырықтың диаметрі 1,5 – 4 мм фиброзды капсуламен зақымдалуына тексереміз. Бұлшықеттен қалыңдығы 5 мм көлденең кесінділер кесіп алынады және плероцеркоид тардың бар – жоғына тексеріледі. Плероцеркоид триэнофорусқа (адамға қауіпсіз) диффер - енциальды диагностика жасау үшін микроскопия жүргізіледі.
  • Адам бұл аурумен дұрыс пісірілмеген, дұрыс қуырылмаған, дұрыс тұздалмаған балықты тағамға қолданғанда зақымдалады.

Ветеринарлық – санитарлық баға және шаралар

Қатты зақымдалған балықтарды утилизациялайды, бір – екі плероцеркоид табылса, посолмен зиянсыздандырады, қатыра-ды (- 8°С 7 күн аралығында), қайнату арқылы (кем дегенде 30 минут) немесе консерві жасауға қолданады. Қауіпті аймақтардан ауланған балықтарды қолданысқа тек залалсыздандырғаннан кейін ғана тамақтық мақсатта және жануарларға азық ретінде жібереді.

<ref>Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-03.01.20.9/032012ж</ref>

Дереккөздер

<references/>