Дискілерді кезектестіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ДИСКІЛЕРДІ КЕЗЕКТЕСТІРУ (Чередование дисков; disk striping) — RAID технологиясының нөлінші деңгейі. Дискілердің әр түрлі бөлімдерінің алмасуын жасақтайды. Бұл кезде файл бірнеше физикалық дискілерге үлестіріліп таратылғандай болып көрінеді. Бұл әдісті жүзеге асыруға 2-32 дискі қажет. Жеке жинақтауыштарда орналасқан (жеке дискі контроллеріне қосылған) және сьійымдылықтары бірдей дискілерді біріктіру енгізу-шығару операциясын орындағанда бірден бірнеше мәліметтер бөлігімен жұмыс атқаруға мүмкіндік береді әрі жұмыс жеделдейді. Кемшілігі — дискінің кез келген бөлімі бұзылғандай жағдайда осы массивтегі барлық мәлімет жойылып кетеді. Екінші және одан жоғарғы деңгейде кезектестірудің басқа әдістері қолданылады.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дискілерді кезектестіру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}