Дискет, иілгіш диск

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ДИСКЕТ, ИІЛГІШ ДИСК (Дискета, гибкий диск; floppy disk, diskette) — иілгіш магниттік дискімен (флоппи-диск) бірдей; есептеу машиналарында арнаулы папкіде сақталатын иілгіш ақпарат тасығыш; компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, алмалы-салмалы шағын табақша түрінде жасалған, магниттік қабықшасы бар, қорапқа салынған сақтауыш құрылғы. Магниттік қабықшамен қапталған бетті бүлдірмей дұрыс сақтау мақсатыңда қатты қағазбен қоршалған, диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) және пластмасса қорапқа салынған 3,5 дюймдік (88 мм) иілгіш дискеттер кең таралған. Соңғы кезде шыққан компьютерлер тек 3,5 дюймдік дискетпен жасақталады.

Екі еселі тығыздықты дискет (Дискета двойной плотности; double density diskette (DS/DD) — сыйымдылығы 720 Кбайт болатын дискет.

Жоғары тығыздықты дискет (Дискета высокой плотности; high density diskette (DS/HD) — сыйымдылығы 1.2 Мбайт, өлшемі 5,25 дюйм жөне сыйымдылыгы 1.44 Мбайт, өлшемі 3,5 дюйм болатын дискет.

Инсталляцияпық дискет (Инсталляционная дискета; installation diskette) — инсталляциялау файлдары жазылған дискет.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дискет, иілгіш диск|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}