Дина Наурызбайқызы Ақбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Дина Наурызбайқызы Ақбаева — химия ғылымының докторы (2011), доцент (2009), профессор (2025)<ref>Акбаева Дина Наурызбаевна. </ref>.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1969 жылы 11 шілдеде Алматы қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1991, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), Органикалық катализ және электрохимия институтының аспирантурасын (1994), докторантурасын (2009) бітірген.

Органикалық катализ және электрохимия институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1994-2010), Қазақстан-Британ техникалық университетінде тьютор, дəріскер (2008-09), 2010 жылдан Қазақ ұлттық университетінде оқытушы.
Ұлттық ғылыми зерттеу орталығында (1997-98, Тулуза қ., Франция), Кайзерслаутерн техникалық университетінде (1999-2000, Германия), Ұлттық ҒА Металл органика институтында (2001-05, Флоренция қ., Италия), стажировкадан өтті. Металл-органикалық қосындылардың химиясына арналған 5 конгресте (2002, Венеция қ., Италия), Халықаралық 12 гомогенді жəне гетерогенді катализ симпозиуымында (Флоренция қ., Италия), Феррара университетінде (2002) дəрістер оқып, постерлік тұсаукесерлер өткізді.

Еңбектері

81 ғылыми мақаланың, 1 итальяндық патент, 4 қазақстандық патенттердің авторы.

Марапаттары

  • ҚР ҰҒА Д.В. Сокольский атындағы сыйлық (1995);
  • ИНТАС жас ғалымдар сыйлығы лауреаты (2003);
  • Халықаралық Сорос қорының грантының иегері (1994-96);
  • НАТО қорының стипендиясының иегері (2003-04).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер