Дина Букаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дина Букаева (30.5.1963. Өзбекстан. Ферғана қаласы) - тележурналист.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Алматы шет тілдер педагогикалық институтын (1985), ҚазМУ-дың (1988), 1992 жылы "The Voice Of America" - "Америка дауысы" (Вашингтон) радиостанциясында журналистерге арналған курсын бітірген.

2005 жылы Каир университетінде бұқаралық коммуникация факультетінде сынақтан өткен. Еңбек жолын 1985 жылы Қазақ теледидарында редакторлықтан бастаған. 1990 жылы аға редактор, "Azia Dauysy" Халықаралық конкурсының халықаралық байланыстар жөніндегі бас маманы, 1991-94 жылдары телекомментатор, жастарға арналған бағдарламалардың авторы және жүргізушісі. Қазақ телеарнасындағы тұңғыш рет эфирге шыққан халықаралық бағдарламалардың аудармашысы әрі редакторы (1994).

1994-96 жылдары "Акбар" Халықаралық журналистер орталығының бас редакторы, USAID қоғамдық жобасының байланыс менеджері. 1996 жылы БҰҰ-ы өкілдігінің Қоғамдық ақпараттар департаментінде директордың көмекшісі. 1998 жылы "Хабар" агенттігінде Халықаралық ақпараттық дирекциясы (ХАД) ақпараттық бағдарламалардың жетекшісі, аға редактор, халықаралық жаңалықтардың жүргізушісі. Ағылшын тіліндегі "Khabai Weekly Review" апталық ақпараттық бағдарламасында бас редактор, "Caspionef" спутниктік телеарнасының ағылшындық таралымының продюссері, ХАД-тың халықаралық шолушысы, "Көзқарас" ток шоуының жүргізушісі.

2009 жылы "Хабар" агенттігі тілшілер қосынының бөлім меңгерушісі (шеф-редактор). 2006 жылы XXI ғасырдың танымал әйелдері" ("Great Women of the 21st Century") энциклопедиясына қосқан үлесі үшін Америка биография институтының жүлдесіне ие. Ол сонымен қатар көптеген телевизиялық деректі фильмдер мен Asiavision және "The Associated Press" дүниежүзілік ақпараттық агенттігінің халықаралық тақырыптағы сараптамалық материалдарының авторы. Тікелей халықаралық спорт жарыстарының телевизиялық трансляциясының комментаторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}