Динара Рустамқызы Наумова
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Динара Рустамқызы Наумова (8 қыркүйек 1997, Ақмола, Қазақстан) — қазақстандық қоғам қайраткері. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты.
Өмірбаяны
Динара БМС диагнозымен дүниеге келді. Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылындағы №41 мектептің 9-сыныбын бітірген. 2017 жылы Технология және бизнес колледжін «Мұнай және газды өңдеу технологы» мамандығы бойынша, 2021 жылы — Қазақ технология және бизнес университетінде «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.
2018 жылы «Startup Bolashak: Менің арманым» республикалық бизнес жобалар конкурсының жеңімпазы болды. 2018 жылы – Алматы қаласындағы «Professionalize Kazakhstan» бизнес мектебінің түлегі.
2021 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Динараға ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған емдік дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу идеясын жүзеге асыру үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыс етті<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2022 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі болды.
2022 жылдан бастап — ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі болды.
2022 жылдың шілдесінде Қабанбай батыр ауылында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Қазақстандағы бірінші инклюзивті фитнес орталығын ашты<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.
Марапаттары
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2023)