Динамикалық көлем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Динамикалық көлем — су айдынының горизонтальдық жағдайларға қатысты ауытқуына байланысты алынған статистикалық көлемдердің бөгендегі су көлемін дәлмедәл сипаттай алмауы.

Бұл ауытқулар су бетінің қисық сызығымен анықталады. Оның пішіні бөгет бойындағы тежелу биіктіктеріне, арнаның гидравликалық ерекшеліктеріне, шығынның шамасы мен оның ағын бойымен таралуына байланысты. Табиғи деңгейді азырақ тежейтін қондырғыларда айдынның горизонтальдық ауытқуының маңызы зор, сондықтан оны есепке алмау — су шаруашылығындағы есептеулер нәтижесін бұрмалауға әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайларда ағынды реттеу, есептеу жұмыстары жоғары бъефке белгілі бір көлемдегі су келуі мен шығыны кезіндегі айқын көрінетін су беті сызығына байланысты, яғни бөгеннің динамикалық көлемдері арқылы атқарылуы тиіс.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Динамикалық көлем|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}