Димитрий Александрович Гариков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Димитрий Александрович Гариков 1975 жылы 9 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында туған. Орыс. Әкесі - Гариков Александр, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖҚС шебері. Анасы - Гарикова Надежда Викторовна, «ШҚО Бородулиха аужанының медициналық бірлестігі» МҚК есептеушісі.

Семей құрылыс техникумын (1995) «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша; Өскемен жолқұрылыс институтын (1998) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Орыс, қазақжәне неміс (сөздікпен) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1992 жылдан - Семей құрылыс техникумының студенті. 1995 жылдан - Өскемен жол-құрылыс институтының студенті. 1998 жылдан - ШҚО Бородулиха ауданының «Тұрмыстық қызмет көрсету» АҚ пешшісі. 1999 жылдан - ШҚО Бородулиха ауданының Бородулиха жағармай-жанармай құю стансасының операторы. 2000 жылдың қаңтарынан - ШҚО Бородулиха ауданының әкімі аппаратының бас маманы. 2000 жылдың маусымынан - ШҚО Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылындағы жанармай қүю стансасының меңгерушісі. 2002 жылдан - ШҚО Бородулиха ауданының «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы. 2006 жылдан - ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. 2009 жылдан - ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың тамызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы.

Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты экономикалық даму».

Хоббиі - ауыр атлетика, аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - фантастика, тарихи әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Иванова Татьяна Петровна. Ұлы - Гариков Александр Димитриевич (1998 ж. т.); қыздары - Гарикова Маргарита Димитриевна (2000 ж. т.), Гарикова София Димитриевна (2009 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub