Дидахмет Әшімханұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Дидахмет Әшімханұлы (10 маусым 1950 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылы - 23.05.2015, Алматы) — Қазақстан журналисті, қаламгер.<ref name="KazTelevision">Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

Қызмет жолы

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1978). Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы "Коммунизм туы" (1975–1976), "Лениншіл жас" (1978) газеттерінде тілші болып бастаған, кейін "Қазақстан пионері" (қазіргі «Ұлан») (1978–1980), "Қазақ әдебиеті" (1980–1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, "Заман — Қазақстан" (1992–1993) газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.<ref name="KazTelevision" />

19921994 жылдары халықаралық «Заман — Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары болған<ref name="KazWriters">Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>.

1994 жылы халықаралық "Түркістан" газетінде бас редактордың орынбасары болады.

1986 жылы Қазақстан Жазушылар және Қазақстан Журналистер одақтарының мүшесі болады.

2003 жылы "Ел-шежіре" қоғамдық қорының президенті, "Алаш" баспасының директоры.<ref name="KazTelevision" />

Шығармашылығы

Әңгімелер мен повестер жинақтары:

  • «Аққабаның толқыны» (1981),
  • «Он бірінші күз» (1987),
  • «Каменная падь» (1990),
  • «Жер аңсағай сары атан» (1998),
  • «Самырсын сазы» (2000)
  • «Әңгіме емес әңгімелер» (2004).

Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ А. Курчаткин, Т. Минулмен, А.Аширов, Х. Абдуллин, П. Пурзверу, тағы басқа шығармаларын қазақ тіліне аударған.<ref name="KazWriters" />

Жетістіктері

"Жалын" жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. Жас жазушылардың Бүкілодақтық VII кеңесіне қатысқан. Жекелеген бірнеше шығармасы бірқатар шетел тілінде шыққан. 2005 жылы халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығына ие болған.

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub