Диана Мақайқызы Мадиярова
Үлгі:Ғалым Диана Мақайқызы Мадиярова — экономика ғылымының докторы (2005), профессор (2009).
Мазмұны
Өмірбаяны, еңбек жолы
1955 жылы 9 тамызда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын (1976, қазіргі Нархоз университеті) және аспирантурасын (1983), Маастрихт (Нидерланд) бизнес мектебін (1996, PHD) бітірген.
1976-80 жылдары Қазақ КСР Минстрілігі Кеңесінің материалдық-техникалық жабдықтау комитетінде жетекші маман, 1983-84 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында кіші ғылыми қызметкер, 1984-93 жылдары жетекші ғылыми қызметкер, доцент, Ақмола ауыл шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі, 1993-2002 жылдары Қазақ экономикалық университетінде кафедра меңгерушісі, 2005-10 жылдары Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010 жылдан Еуразия ұлттық университетінде кафедра профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері
"Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметі: теориясы, әдістемесі және бүкіләлемдік байланыстардың жаһандану жағдайындағы тәжірибелік бағыты" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ден астам ғылыми еңбектің, 6 монография, 1 оқулық, 18 оқу құралының авторы.
Марапаттары
"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2006).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>