Джунгли құстары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жалпы алғанда, джунглиде тіршілік ететін құстар таңертең белсенді болады. Сайрауық, жапырақ жегіш құс және басқа да құстар аралас құс тобын құрайды. Ол «Құс тобыры» деп аталады. Құс тобыры оннан, кейде он бестен астам түрден құралады. Құс тобырында желпуіш құйрықты, кез құйрықты құстарды да көруге болады. Олар негізінен жәндікжегіштер: қызылқанат жәндікжегіш, жолақ қанатты, қара қанат шыбыншы және тағанақтар. Қызыл көзді, жасыл қанат, бауыры сұр, құйрығы қою сары сайрауықтар және көк немесе ашық жасыл қанатты жапырақ жегіш құстарды құс тобырының ортаңғы белдеуінен кездестіреміз. Бетінде сары дағы бар алтынсамайлы барбеттер де көз жауын алатын әдемі құстар. Құс тобырында кезкұйрық, ірі бұта көкегі де ұшып жүреді. Джунглиде көкектердің басқа да түрлері көп. Үнді көкегі – әдеттегі орман құсы. Бірақ ол құс тобырының орта белдеуінде отыратын болғандықтан, көзге жиі түсе бермейді.Ағашқа қонақтап отыру мәнеріне қарап, тоқылдақты табу оңай. Тоқылдақтардың жиырмадан астам түрі болады. Қызыл жоталы трогон орманда үн шығармай отырады. Қоңыр желкелі айырқұйрықтар джунглидегі құс тобырынан жиі кездеседі. Іңгірлек құстарды кез келген құс базарынан көруге болады. Олар үркек, бірақ жақтары тынбай сайрайды.


Дереккөздер

ҚҰСТАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-454-6