Дженни Хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Бұл үлгі жазушыларға, ақындарға, драматургтарға және аудармашыларға арналған.

Үлгі:Жазушы Дженни Хан – (ағылш. Jenny Han ) америкалық балалар мен жасөспірімдерге арналған романдарының жазушысы.

Ерте өмірі мен білімі

Дженни Хан Америка Құрама Штаттарының Вирджиния штатындағы, Ричмонд қаласында дүниеге келіп, осы қалада есейген. Отбасысында өзімен қоса, бір қарындасы бар.

Мектепті бітіріп, Чапел – Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінің колледжінде білім алған. Кейінірек, Нью – Йорктегі Жаңа Мектеп Университетіндегі аспирантураға түсіп, осы жерде балаларға арналған әдебиет өнерінен магистр дәрежесіне ие болады. Қазірга уақытта Дженни Бруклинде өмір сүріп, жоғарғы Вест – Сайдтегі мектеп кітапханасында жарты ақыға жұмыс істеуде.

Басылымдары

Өзінің тұңғыш жарық көрген «Shug» кітабын, Дженни 2006 жылы колледжде оқып жүрген уақытта жазған еді.

Оның келесі жобасы жас – ересектерге арналғанжаз мезгіліндегі қыздың есеюі туралы трилогия болып табылады. Осы трилогияға : «Сұлуға айнал,ған жазым», «Сенсіз бұл жаз емес» және де «Әрдайым жаз болады» кітаптары кіреді. Осы кітаптар тез арада “New – York Times” баспасымен шығарылатын бестселлер тізіміне кірді.

Осылармен қоса Дженни Ханның тағы да басқа кітаптары басылып шығарылған.

Кітапнама

Балаларға арналғандар

  • «Shug» (2006)
  • «Клара Ли және Алма Бәліш Арманы»

«Сұлуға айнал,ған жазым» трилогиясы

  1. «Сұлуға айнал,ған жазым» (2009)
  2. «Сенсіз бұл жаз емес» (2010)
  3. «Әрдайым жаз болады» (2011)

«Күюге күю» кітаптар тобы

  1. «Күюге күю» (2012)
  2. «От пен от» (2013)
  3. «Күл мен күл» (2014)

«Мен сүйген барлық ұлдарға» двулогиясы

  1. «Мен сүйген барлық ұлдарға» (2014)
  2. «P.S мен сені әлі де сүйемін» (2015)

Қысқы әңгімелері

  • «Полариc бұл сенің мені тауып алатын жерің» - «Менің шынайы махаббатымның маған бергені» жинағының ішінде.

Дереккөздер