Дереу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ тіліндегі сөздіктер бұл сөздің мағынасын — тез, жылдам, шапшаң деп түсіндіреді. «Аяш дереу төрге көрпе салып, жастық тастады» (А. Хангелдин, Табыс, тағдыры).

Дәл осы мағынада, «дораан» тұлғасында мұны біз тува тілінен де кездестіреміз.

Тува тіліне бұл сөз Моңғолдардан ауысуы мүмкін. Өйткені Сібірдегі басқа түркі тілдерінде «дереу» сөзіне не оның мағынасына сәйкес тұлға кездеспеді. Ал Моңғол тобындағы тілдерде «дереуге» сәйкес сөздердің мынадай мағыналарын байқаймыз: Моңғолша: даруй — қазір; қалмақ тілінде: дарунь — тез, шапшаң.

Сөздің шыққан төркіні Моңғол тілі деуге тура келеді. Моңғол тіліндегі «даруй» сөзінің тұлғасы мен мағынасы түркі тілдеріне ғана емес, қалмақ тіліне өткенде де дыбыстық өзгерістерге кез болған. Қазақ тілінде ол «қазірдің» орнына емес, тез, жылдам, шапшаң сөздерімен синонимдес болған: даруй => дерйу (метатеза) => дереу.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}