Дерексіздендіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дерексіздендіруойлау тәсілдерінің бір түрі. Дерексіздендіру жалпылау әрекеттерімен өзара тығыз байланысты. Дерексіздендіру дегеніміз — нәрселердің бірсыпыра қасиет-белгілерін ой арқылы бөлектеп қарастыратын әрекет. Сондай-ақ дерексіздендіру — осы қасиет-белгілерді нәрсенің біртұтас ерекшеліктерінен бөліп алып көрсету тәсілі. Дерексіздендіру — жалпылау деп аталатын ой-әрекетінің негізі. Адам заттар мен құбылыстардың (объектінің) арасындағы айырмашылық белгілерінен талдап барып, оларды жалпылайды. Дерексіздендіру сөзбен тығыз байланысты ой-әрекеті. Кеміс балалардың дерексіздендіру әрекетінің өзіндік ерекшелік сипаттары бар. Кемақыл баланың дерексіздендіру әрекеті өте қиынға түсетін жайт. Өйткені ондай балалардың ойлауы мен сөйлеуі нашар дамығандықтан нәрселер мен құбылыстардың белгі-қасиеттерін ой арқылы ажыратуы аса қиыңдық тудырып, олар сол нәрселерге тән жалпы ерекшеліктерді ажыратып көрсете алмайды. Саңырау балалардың дерексіздендіру ұғымдарды меңгеруінде айтарлықтай қиындықтар бар. Өйткені саңырау балалардың ойы көрнекі бейнелерге негізделген. Дерексіздендіру ойлау арқылы ажыратылатын белгі қасиеттерді танып білуге сөздік қоры жетіспейді. Ал нашар көретін және соқыр балалардың дерексіздендіру әрекеті болмысты көрнекі түрде пайымдауы да жеткіліксіз. Ондай балалар нәрселердің жалпы қасиеттері мен дерексіздеу әрекеті өмір тәжірибесінде қалыптасқан сөздік түсініктеріне сүйенеді. Кеміс балалардың дерексіздендіру әрекетіндегі кемшіліктері бастауыш сынып жасында байқалып, оқу-тәрбие істерінде әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып толықтырылып отырылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}