Депутатқа ешкімнің тиіспеу құқығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Депутатқа ешкімнің тиіспеу құқығы - ҚР Парламенті депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерден өзге, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға немесе сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға келісім алу үшін Бас Прокурор Сенатқа не Мәжіліске ұсыныс енгізеді, оны Палаталар тиісті Палатаның отырысында қарауға әзірлеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жібереді. ¥сыныс депутатқа айып тағудың, оны қамауға алуға санкция берудің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа жіберудің алдында енгізіледі. Бас Прокурордың ұсынысы мен Орталық сайлау комиссиясының шешімі олар келіп түскен күннен бастап екі апта мерзімнен кешіктірілмей қаралады және Палата тиісті лауазымды тұлғалар мен органдардың қосымша ақпарат тапсыруын талап етуге қақылы. Палата дәлелді шешім қабылдап, оны республиканың Бас Прокурорына және анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын республика мемлекеттік органдарының басшысына үш күн мерзім ішінде жібереді. Депутат өзіне ешкімнің тиіспеуі құқығы туралы мәселені Палата қараған кезде қатысуға қақылы.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Депутатқа ешкімнің тиіспеу құқығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}