Депозитарий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Депозитарий (Үлгі:Lang-fr– сақтауға зат берілген тұлға, сақтаушы) – салымшы, салым ақша салушы; депозиттер сеніп тапсырылған заңды немесе жеке тұлға, Бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы, депозитарлық қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға. Депозитарий ең алдымен соманы қазынашылықтың пайдасына немесе меншікті операциялар үшін қабылдауға мемлекет уәкілеттік берген банкілер мен басқа да несие-қаржы мекемелері. Айталық‚ инвестициялық қордың депозитарийі – бағалы қағаздармен‚ соның ішінде жекешелендіру чектерімен‚ қорға тиесілі ақшалай қаражатпен операцияларды жүзеге асыратын‚ қордың осы мүлкінің қозғалысы есебін жүргізетін және инвестициялық қор мен депозитарий арасында жасасылған басқа да атқарымдарды жүзеге асыратын банк немесе заңды тұлға. Депозитарий термині халықаралық көп тарапты шарттың түпнұсқа мәтінін сақтаушы мемлекет немесе халықаралаық ұйым деген мағынада да қолданылады. Бұл ретте депозитарийді халықаралық шартқа қатысушы мемлекеттер айқындайды. Бекіту грамоталары‚ қосылу туралы мағлұмдамалар‚ бір мемлекеттің екінші мемлекетке өзара жасалған шартының күшін тоқтату туралы хабарламалары және шартқа қатысты басқа да құжаттар депозитарийге өткізіледі. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}