Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығы – мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі.1994 ж. құрылған.

Ғылым орталықтың құрамында 6 ғылыми бөлім бар. Орталықтың ғылым жұмыстарының негізгі бағыттары: республика халқы денсаулығының қалыптасуының заңдылықтарын зерттеу және анықтау; аурудың алдын алудың ғылым тұжырымдамасын және стратегиясын жасау; мемлекеттік денсаулық сақтаудың дамуы алғышарттарын белгілеу және медицина-экономикалық стандарттардың жүйесін жасау; денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстарының жаңа түрлерін ғылым тұрғыдан негіздеу және ресурстармен қамтамасыз ету; денсаулық сақтауды басқарудың жаңа әдістерін жасап, өндіріске енгізу; дәрігерлік сақтандыруды дамыту; жасалып жатқан ғылым-зерттеу бағдарламаларын әдістемелік, ақпараттық және статистикалық жағынан қамтамасыз ету; халықтың денсаулығын сақтау саласында республиканың халықаралық байланыстарын өрістету стратегиясын жасау, т.б. Осында жүргізілген ғылым-зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасын жасауда қолданылды.
Орталық қызметкерлері Қазақстан дәрігерлерінің 1-съезін (1997), «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды қайта құрудың тәжірибелік мәселелері және болашағы» деген тақырыпта республикалық ғылым-практикалық конференциясын (1998) өткізуге белсене қатысты. Орталықта 1995 жылдан Денсаулық сақтау ісі бойынша басшылар мен ұйымдастырушылар даярлайтын курстар, 1996 жылдан докторлық диссертациялық кеңес жұмыс істейді, «Медицина және денсаулық сақтау» журналы шығады.<ref name=source1>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Сыртқы сілтемелер

http://www.mz.gov.kz/index.php?wakka=/Kaz

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық мәселелері ғылыми орталығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}