Дене мүсіні

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дұрыс мүсін Дұрыс мүсін деген адамның еркін тұрғандағы, басын және денесін түзу ұстай алатындай әдеттегі қалпы. (Омыртқа бағанының аздап табиғи иілісі: мойын және бел тұсы – алдыға, кеуде және сегізкөз тұсы – артқа иіліп тұру) Мүсін дұрыс болмағанда омыртқаның табиғи иілісі үлкейгені білініп тұрады. Сонымен қатар , омыртқа бағанынының бір жағына қисаюы – сколиоз дамуы мүмкін. Көп жағдайда омыртқа бағанының қисаюының алдын алуға, ал бастапқы кезеңінде – жөндеуге болады. Сол үшін мүсіннің дұрыс еместігіне, иық пен жауырынның бірдей емес орналасуына, жамбастың ауытқуына т.б өңіл аудармай қоюға болмайды. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда мүсін әлі дұрыс қалыптаспаған, өйткені балалар тез өсіп келе жатқанда (6-7,11-15жас) жағымсыз факторлар қатты әсер ететді.