Денеге бір түзудің бойымен әрекетететін күштерді қосу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Денеге бір түзудің бойымен әрекетететін күштерді қосу-күнделікті өмірде де, табиғатта да денеге бір күш емес, бірнеше күш әрекет етеді. Түсірілген бірнеше күштің әрекетінен дене қозғалыс жылдамдығын өзгертуі немесе тыныштық қалпын сактауы да мүмкін. Тәжірибелер дене жылдамдығының нақ осындай өзгерісін бір ғана күш жұмсау аркылы алуға болатынын керсетеді. Бұдан: денеге екі немесе бірнеше күш әрекет етсе, онда осы күштерді әрекеті жағынан оларга тең болатын бір ғана күшпен алмастыруға болады деген корытынды жасаймыз.
Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің теңәрекетті күші деп аталады.
Басқаша айтқанда, егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті басқа күштердің сол денеге бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болса, онда ол күшті басқа күштердің теңәрекетті күші деп атайды.
Бір түзудің бойымен бір бағытта немесе қарама-қарсы бағытта әрекет ететін күштерді косуды қарастырайық. Мысалы, екі бала бір бағытта біреуі F1 күш, ал екіншісі Ғ2 күш жұмсап, жүк салынған контейнерді орнынан қозғалтсын дейік. Ал осы контейнерді ересек адам FR күш жұмсай отырып, бір өзі ғана дәл солай козғалтсын. Бұл жағдайда әрекет етуші Ғ1, F2 және FR күштерінің бағыттары бірдей, яғни FR күші Ғ1 және Ғ2 күштерінің теңәрекетті күші болып табылады. FR теңәрекетті күші Ғ1 және Ғ2 күштерін косу арқылы алынады. Сонымен, егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың теңәрекетті күші де солай қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің қосындысына тең.
Осыған ұқсас мысалдар тағы да бір ережені тұжырымдауға мүмкіндік береді: егер денеге (материялық нүктеге) қарама-қарсы бағытталган екі күш әрекет ететін болса, онда олардың теңәрекетті күші көбірек тусірілген. күш жағына қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің айырмасына тең.Сонымен, егер денеге (материялық нуктеге) мәндері бойынша тең, ал бағыттары қарама- қарсы екі күш әрекет етсе, онда олардың теңәрекетті күші нөлге тең болады, яғни ҒR = 0.
Мұндай жағдайда денеге (материялық нүктеге) бірнеше күш түсірілгенімен, ол санақ денесіне қатысты тыныштық қалпын сақтайды немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалады.<ref>Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Phys-stub