Демократия және мемлекет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Демократия және мемлекет - "демократия" және "мемлекет" ұғымдарының арасындағы қайшылықтарды меңзейтін түсінік. Демократия тікелей мағынасында халықтың өзі қоғам өмірін ұйымдастыруын білдіреді. Бірақ бүгінгі танда әлемнің бірде-бір елінде шынайы мағынасындағы демократияның орнамағаны ақиқат. Көпшілік елдерде тек сол халық билігінің мінсіздігіне ұқсастырылып, жақындастырылуы ғана кәрініс тапқан. Мұндай қоғамдарда әлі күнге дейін қоғамдық өмірді реттеу қызметін өкілеттік және басқа да билік органдары, яғни, мемлекет атқаруда. Шын мәнінде бүгінгі күнгі демократия - мемлекеттіліктің бір түрі, ол, тіпті, мінсіз деп танылуы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, демократияны дамыту процесі - өз өмірін орнықтыруда халықтың маңызын арттырып, рөлін үнемі күшейту және соған сәйкес, оның өкілетті органдарының, яғни, мемлекеттің қоғамдық қызметін әлсірету. Толыққанды демократия дегеніміз - қоғамдық өмірді реттеуде қандай да бір мемлекет институттарының араласпауы, адамдардың бір-біріне үстемдік жүргізуінің болмауы. Шын мәнінде, толыққанды демократия өмірді саясатсыз, мемлекетсіз ұйымдастыру болып табылады. Бірақ, қоғам өмірінен мемлекеттің жоғалуы "демократия" ұғымының қазіргі мәнінен айырады. Осылайша, қоғамда мемлекет болса, толыққанды демократияның орнауы мүмкін емес, ал толыққанды демократия орнаған жағдайда мемлекет те, қоғамдық қатынастарды реттеуші билік түрі ретінде демократияның өзі де керексіз болып қалады.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Демократия және мемлекет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

sa:लॊकतंत्र