Демалыс күндері
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Демалыс күндері–қызметкерлерге тағайындалатын демалыс күндері. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қызметкерлерге – екі, ал алты күндік жұмыс аптасына бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс – жексенбі күні болып есептеледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда ҚР Үкіметі демалыс күндерін басқа демалыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа шығаруға оның келісімімен ғана жол беріледі.
Қазақстанда жұмысшыларға демалыс уақыты беріледі. Демалыстардың түрлері бірнеше бар:
Бірінші - бұл жұмысшыларға апта сайын берілетін демалыс күндері. Бес күндік жұмыс аптасында қызыметкерлерге аптасына екі демалыс күні беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір күн беріледі. Жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Қурбан айттын біріші күні және 7 қантар православиялық Рождество демалыс күндерге де жатады.
Екінші – бұл мереке күндері. Олар ұлттық және мемлекеттік күндеріне жатады.
Үшінші – жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс. Оның екі түрі бар. Олар: негізгі еңбек демалысы және қосымша еңбек демалысы. Негізгі енбек демалыс әр жұмысшыға беріледі. Қосымша еңбек демалысы, ауыр жұмыстарда жұмыс істейтің жұмысшыларға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге беріледі. Төртінші – әлеуметтік демалыс, оның үш түрі бар. Бірінші – жалаұы сақталмайтын демалыс. Екінші – оқу демалысы. Үшінші – баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс.
Жұмысшыларға күнділікті жұмыс ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс беріледі. Жұмысшылардың жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы арасындағы күнделікті тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}