Дафна Дюморье

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox writer Дама Дафна дю Морье (ағылш. Daphne du Maurier, леди Дафна Браунинг, Ресейде Дафна Дюморье есімімен жиі аталады; 13 мамыр 1907, Лондон — 19 сәуір 1989, Корнуолл) — психологиялық триллер жанрында жазған ағылшын жазушысы және биографы .

Биографиясы

Сурет:GeraldDM1205 228x390.jpg
Отец Дафны, Джеральд дю Морье

Жанұясы

Дафна 1907 жылы 13 мамырда актер Джеральд дю Морье және Мэриел Бомонттың отбасында дүниеге келген. Атасы әйгілі карикатурашы және жазушы - Джордж Дюморье болған. Отбасында үш қыздың екіншісі. Үлкен әпкесі - Анджела дю Морье (1904–2002), жазушы, ал сіңлісі - Жанна дю Морье (1911–1997), суретші болған. Дафнаның, әкесі жағынан, немере ағалары атақты Ллуэлин-Дэвис отбасынан шыққан, олар көбіне «Дэвис Бойз» деген атпен танылған. Дәл осылар, отбасының жақын досы Д. М. Барридің Питер Пен жайлы повесінің кейіпкерлерінің түпкі бейнелері болған.

Өмірінің ерте кезеңдері

Дафна да өзінің бауырлары сияқты үйден оқыған. Өзінің туған анасымен ара қатынастары суық болғандықтан, оның Мод Уоделл (ағыл. Maud Waddell) атты гувернанткасы оның өмірдегі үлгі алар адамы болған. Ол кішкентайынан көп оқыған, сүйікті жазушылары Вальтер, Скотт, Теккерей, әпкелі-сіңлі Бронтелер және Оскар Уайльд. Сонымен қатар Дафнаның шығармашылығына Кэтрин Мэнсфилд, Ги де Мопассан және Сомерсет Моэм туындылары да айтарлықтай ықпалын тигізген. Дафны дю Морьенің алғашқы жемістерінің бірі болып 15 әңгімеден тұратын «The Seekers» («Жаждущие») атты жинағы шыққан. Ол кезде Дафна он сегіз жаста болатын.

Неке мен өмірінің соңғы кезеңдері

Сурет:Browning.jpg
Сэр Фредерик Браунинг, муж Дафны

1931 жылы Дафна өзінің алғашқы «Дух любви» атты романын жарыққа шығарады. Бұл роман жазушы өмірінде маңызды рөл атқарған. Кітабының сәтті болып шығуы оған отбасынан қаржылық жағынан тәуелсіз болуына мүмкіндік берген. Кейбір мәліметтерге сәйкес Дафна осы романның арқасында өзінің болашақ күйеуімен танысқан. Дю Морьенің алғашқы романы майор Браунингке қатты ұнап, ол автормен танысу үшін арнайы Фоуиге барған. Оларды тағдыр қосқан деседі.

Дафны дю Морьенің генеалогиялық тамыры

«Ребекка»=

«Құстар»

Драматургия

Биографиясы мен басқа да деректі шығармалары

Дафны дю Морьенің шығармаларының көбі психологиялық триллер жанрында жазылған. Сюжет құрылымының ерекшеліктеріне қарамастан көптеген баспалар мен кітап дүкендері оның романдарының жанрын мелодрама немесе махаббат тақырыбындағы романдар деп беретін. Дегенменде дю Морьенің романдарындағы махаббат желісіне қарамастан оларды жалпылай махаббат прозасы деп атауға болмайды. Дафну дю Морьені готикалық әдебиет дәстүрін жалғастырушы деп те жиі атайды. Оның шығармашылығы Стивен Кинг және Стефани Майер сияқты жазушыларға өз әсерін тигізген.

Пікірлер

ДЮ Морье көркем әдебиетте

Библиографиясы

Көркем

Деректі

Сілтемелер