Дауыл батыр Бабаұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дауыл батыр Бабаұлы (туған жылы белгісіз – 1832) – Байұлы тайпасы Адай руының Ескелді бөлімінен шыққан батыр.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref> 1832 жылы үстірт үстінде Хиуа басқыншыларымен болған негізгі шайқаста Адай қолының туын ұстаған. Кескілескен ұрыста Дауыл батыр өлімші болып жараланғанына қарамастан туды жықпай, шабуыл алдында жүреді. Ұрыстың бір арасында Сүйінқара батыр: «Енді бір шабуылға шыдайсың ба?» – деп сұрайды. «Жан шыдаса мен де шыдармын», – деп жауап береді батыр. Шабуыл сәтті болып, ұрыс аяқталғаннан кейін, аяқ-қолы құрысып қалған, бірақ қолында туы бар ат үстіндегі батырдың жансыз денесін түсіріп алады. Батырға құрмет ретінде Манатаның шығыс жағындағы ата қауымына әкеліп жерлейді. Қазір бұл қауым 1931 жылы сонда жерленген Бабаұлының ағайыны Жұлдызбай атында.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub