Дауани Ғүламаһи
Дауани Ғүламаһи (шын аты: Жапал-ад-дин Мухаммед ибн Асхад ад-Дауани, 1427-1502), парсының ғүлама ғалымы, ақын, философ. Атақты «Ахлақ-и Жалали» кітабын түркінің аққойлы табынан шыққан әмірші Ұзын Хасанның (1453-1478) өтініші бойынша Насириддин Тусидің «Ахлақ-и Насири» атты кітабының негізінде 1478 ж. жазды. Оның бүл кітабы кейін «Мораль философиясы» деп аталған мінез-құлық, өзіңді-өзің тану және тәрбиелеу қағидалары туралы ілімнің негізіне айналды. Мұхтар Әуезов өзінің «Абайдың өмірі мен ақындығы» (1933), «Абайдың өмірбаяны» (1944), «Абай еңбектерінің биік нысанасы» (1945), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» (1945, ғылыми мақала), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» (1959, монография), «Абайтану», «Абайдың өмірі мен еңбегі» («Абайтану дәрістері», 1994) атты еңбектерінде кеңінен талдау жасап, Абай: «Мантық (логика), философия, ахлық (мораль) философиясын да білген. Ертеден бергі Шығыс ғұламаларының көп еңбектерін бертін уақыттарда да үнемі зерттеп отырған» деп («Абайтану дәрістері», 1994, 123-6.) пікір білді. Жазушы-академик 'Дауанидің мораль философиясының Абайға өте терең ықпал еткенін абайтану саласындағы зерттеулерімен қоса «Абай жолы» роман-эпопеясында да ғұламанын ғылыми пікірлерін Абайдың ой толғамы мен пайымдауы мен авторлық текст арқылы баяндап, түсіндіріп отырады. Ақынның «Қара сөздері» мен өлең-дастандарындағы мораль философиясы, тәрбие, мінез, ғылым туралы көзқарастарын талдай келіп, Мұхтар Әуезов Абай Шығыстың ғүламасы Дауаниді айтып отырып, жастарға ызасыз, тек ағаның ініге айтатын ақылын айтады деп пікір білдірді («Абайтану дәрістері», 1994, 50-бет).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 987-601-282-175-8</ref>
Дереккөздер
<references/>