Дат тілі
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тіл Дат тілі (Үлгі:Lang-da) — даттықтардың тілі, скандинавиялық тілдердің бірі. Негізінде Данияда және солтүстік Германияда тараған. Сөйлеушілердің жалпы саны — шамамен 5,7 млн адам.
Мазмұны
Ресми мәртебе
Дания Корольдігінің ресми тілі; XV — XIX ғасырдың басында Норвегияның ресми тілі болған, XIX ғ. ортасына дейін — Шлезвиг-Гольштейннің.
Таралу аймағы және сөйлеушілер саны
Дат тілі келесі елдерде тараған:
- Дания — барлығы 5 425 420 адам, соның ішінде 461 614 иммигрант, олардың жартысы датша сөйлей алмайды (2005<ref>Danmarks Statistik</ref>).
- Гренландия — 6,8 мың (2005, сарап) этникалық даттықтар арасында тараған және көптеген гренландтықтардың екінші тілі болып табылады.
- Фарер аралдары — фарер тілімен (түгелге жуық ферерлықтар шет тілдей сияқты дат тілін жақсы біледі) қатар ресми аясында қолданылады, бірақ Фарер аралдарында этникалық даттықтардың саны аса көп емес.
- Германия — Шлезвиг-Гольштейн<ref>National minorities</ref>; жерінде тұратын 50 мың даттықтар үшін ана тілі болып табылады.
- Эмигранттар арасында
- Швеция — статистикалық кеңсенің ақпараты бойынша Швециядағы тұратын 42 602 даттықтар дат тілінде сөйлейді (2005<ref>[1]</ref>).
- АҚШ — 2000 жылдың санағы бойынша 33 395 адам датша үйде ғана сөйлейді<ref>The 2000 American census</ref>.
- Канада — 2001 жылдың санағы бойынша 5295 адам датша үйде ғана сөйлейді.
- Австралия
- Аргентина
Диалекттер
«Стандартты» дат тілінде (Rigsdansk) Копенгагенде және жақын жердегі аймақтарда сөйлейді, сонымен қатар, әрбір аралдың өзіндік диалекті бар. Диалекттер 3 топқа бөлінеді:
- батыс (ютландтық, юттық) — Ютландия түбегі, оңтүстік-, батыс- және шығыс-ютландтық деп бөлінеді;
- аралдық — Зеландия, Фюн және оңтүстік дат аралдары;
- шығыс — Борнхольм аралының диалекті;
Әдеби дат тілі зеланд диалекттердің негізінде XVIII ғ. пайда болды.
Негізгі сөздік
- "даттық": dansk Үлгі:IPA
- "сәлем": hej Үлгі:IPA
- "хош бол": farvel Үлгі:IPA
- "рақым етіңіз": vær så venlig Үлгі:IPA
- "рақмет": tak Үлгі:IPA
- "бұл": denne Үлгі:IPA
- "не?": hvor meget? Үлгі:IPA
- "иә": ja Үлгі:IPA
- "жоқ": nej Үлгі:IPA
Дереккөздер
<references/>