Дастарқан жаю

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Дастарқан жаю.jpeg
Дәстүрлі дастарқан жаю

Дастарқан жаю (орыс.сервировка стола)<ref>Приглашение к обеду. Перевод с английского. Москва - 2000г. ISBN 5-322-00016-X (рус.), ISBN 0-86411-328-5 (ағылш.)</ref> — үстелді таңертеңгі, түскі, кешкі және мерекелік асқа дайындау барысында ыдыс-аяқтардың, құрал-аспаптардың, мата майлықтардың орынды қойылуы.

Негізгі талаптар

  • Дастарқан жаюда қойылатын негізгі талаптар:
    • тамақтану түріне сәйкес болуы (таңертеңгілік ас, бизнес-ланч, түскі немесе кешкі ас);
    • эстетикалық бағытта болуы (тәрелкелер мен дастарқанның бір-біріне сай болуы);
    • дастарқанға қойылатын заттардың залдың интерьеріне сай болуы.
    • дастарқан құрал-жабдықтарының орналасу тәртібінің сақталуы;
  • Дастарқан жаюдың реттілігі:

Тамақтану мезгілі бойынша дастарқан жаю

Таңертеңгілік ас дастарқаны

  • Таңертеңгілік ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
    • үстел шетінен 5—10 см қашықтықта негізгі тәрелке;
    • сол жағынан дөңес жағын төмен қаратып шанышқы (қуырылған жұмыртқа болғанда) немесе дөңес жағымен төмен қарай қасық (ботқа болған жағдайда):
    • тәрелкенің оң жағынан жүзін ішке қаратып пышақ;
    • негізгі тәрелкенің оң жағынын қиғаштай шай ыдысы қасықпен;
    • негізгі тәрелкенің сол жағынан нан, тоқаш немесе майға арналған қосымша тәрелке (майға жеке пышақ тәрелкенің шетіне қойылады).

Түскі ас дастарқаны

Сурет:Үш астан тұратын түскі ас дастарқаны.jpg
Үш астан тұратын түскі ас дастарқаны
Сурет:Дастарқан жаю4.jpg
Көжеден және негізгі ыстық тағамнан тұратын түскі ас дастарқаны.
Сурет:Дастарқан жаю5.jpg
Салқын тағамнан(закуска), ыстық тағамнан және десерттен тұратын түскі ас дастарқаны.
Сурет:Дастарқан жаю6.jpg
Десертке арналған дастарқан
  • Түскі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
    • көлемі кішірек жалпақ тәрелке оның үстіне көжеге арналған шұңғыл тәрелке;
    • тәрелкенің оң жағынан пышақ, қасық және шанышқы;
    • тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан;
    • негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал;
    • негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасына ;
    • бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар;
  • Көже ішілген соң шұңғыл тәрелкелер жиналып, босаған жалпақ тәрелкеге негізгі ыстық тағам салынады.

Кешкі ас дастарқаны

Кешкі асқа арналған үстелдің бетін түрлі-түсті дастарқанмен жабуға болады. Кешкі астың жабдықтарының түскі астан айырмашылығы шұңғыл тәрелкелердің болмауы.

  • Кешкі ас дастарқанының құрал-жабдықтары және қойылу тәртібі:
    • көлемі кішірек жалпақ тәрелке;
    • тәрелкенің оң жағынан пышақ, шанышқы;
    • тәрелкенің жоғарғы жағынан стақан;
    • негізгі тәрелкенің ортасынан оңға қарай шарапқа арналған бокал;
    • негізгі ыстық тағам және сусындар үстелдің ортасында ;
    • бір-екі жерден қағаз майлықтар немесе әркімнің тәрелкесіне сәнделген мата майлықтар;
  • Печенье салынған және тосап құйылған ыдыстардың, тосап салып алатын розеткалардың, лимон салған тәркелердің орны - үстелдің орта тұсы.
  • Шай ыдыстары мен ақ құман шай құюшының жанында болады.

Мерекелік дастарқан жасау

  • Мерекелік немесе кешкі қонақасыға арналған үстелдің үсті ақ дастарқанмен жабылады.
  • Үстел үстіне гүл (аласа әрі кең құмыраға салынып) қойылады.
  • Үстелдік орта тұсында жеміс салынған ыдыс, сауыттағы бұрыш, қыша, сірке суы, тұз қойылады.
  • Салқын тағамдар ортаға жақын жерге, нан салынған ыдыстар үстелдің әр бұрышына орналасады.
  • Әр түрлі сусындар үстелдің ұзынынан жарма ортасын бойлай тұрады.
  • Үстел бетіне арақашықтығы бірдей етіп негізгі тәрелкелер қойылады.
  • Кішкене тәрелкенің үстінен салқын тағамға (немесе басытқы (закуска) арналған ыдыс, оның сол жағынан майға пісірілген тағамға арналған ыдыс орын алады.
  • Пышақ, қасық, шанышқылардың орналасуы күнделікті тәртіппен қойылады.
  • Ерекше салтанат кезіндегі дастарқанды жасағанда әдеттегі асхана ыдыс-аяғына салқын тағам мен балық салатын ыдыстар қосылады, асханалық шанышқылардың жанына балық пен салқын тағам үшін бөлек пышақ қойылады.
  • Сусынға арналған бокал немес фужерлердің орны - тәрелкенің тұсы.
  • Десертке арналған құралдарды сусын ыдыстарынан кейін орналастырады.
  • Десерттік пышақ, қасық, шанышқыларды десерттік тәрелкелермен бірге береді.
Сурет:Асханалық құрал жабдықтарды дастарқанға қою тәртібі.jpg
Асханалық құрал жабдықтарды дастарқанға қою тәртібі: 1-негізгі тәрелке, 2-көжеге немесе ыстық тағамға арналған тәрелке, 3-салатқа арналған пышақ, 4-етке арналған пышақ, 5-балыққа арналған пышақ, 6-көжеге арналған қасық, 7-теңіз өнімдеріне арналған шанышқы, 8-шай/кофе ыдысы, 9-шарапқа арналған бокал, 10-суға арналған стақан, 11-салатқа арналған шанышқы, 12-етке арналған шанышқы, 13-балыққа арналған шанышқы, 14-нанға арналған тәрелке, 15-май жағуға арналған пышақ, 16-шайға/кофеге арналған қасық, 17-десертке арналған шанышқы.

Майлықтарды сәндеу

Үлгі:Main

Дастарқан жаю түрлері

Сурет:Buffet-1.jpg
Фуршеттік дастарқан

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>

Дереккөздер

<references/>

  • "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1