Дастаннан драмаға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Дастаннан драмаға», монография. Авторы Е.Жақыпов. 1979 жылы «Ғылым» баспасы шығарған. Кітап халық фольклоры негізінде жазылған пьесаларды зерттеуге арналған. Бұл орайда автор Әуезов, Ж.Шанин, Анненкова-Бернард, С.Камаловтардыһ драмалық туындыларын салыстыра қарастырып, дәстүр мен жаңашылдық проблемаларына да назар аударған. Ұлы драматургтің «Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан», «Бекет», «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесаларын фольклорлық теркіндерімен жан-жақты салыстырылып, шығармаларға арқау болған оқиға желілерінің эпос сюжетімен байланысы, эпостық жыр қаһармандарының пьесадағы бейнелері, образдың тарихилық сипаттары әр қырынан қарастырылған. Кейіпкерлердің даралық мінездерін танытатын шұрайлы тіл кестелерінің, суреткердің шебер сөз өрімдерінің бастау кездері шынайы танытатын, ашылған. Зерттеуші дастан мен драманың бір-біріне сыбайластығын ажыратып, ара қатынасын тапқан; сонымен бірге жазушының шығарма- шылық лабораториясын тексеріп, оның теориялық және практикалық маңызын ашып көрсеткен. Сөйтіп Әуезов бастаған фольклордағы пьесалар дәстүрінің қалыптасуы мен даму барысына жан-жақты ой жүгірткен, фольклорлық драмадағы ол салған дұстүрді үлгі етіп ұсынған. Бұл дәстүр - өміршең, себебі мұның өміршеңдігін пьесалармен қоса, либретто, киносценарийлерге де ауысып отырғаны дәлелдейді, яғни бірізділікке «қарсы» болған деп түйеді ойын ғалым. Монография жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқушыларға, аспиранттар мен ғылыми қызметкерлерге арналған. Көлемі 7,7 баспа табақ, тарапымы 2500 дана.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дастаннан драмаға|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}