Дархан Ермаханұлы Өте

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Дархан Ермаханұлы Өте (26 қазан 1980 жыл, Шымкент қаласы) — қазақстандық педагог, тарих пәнінің мұғалімі, қоғам қайраткері және білім беру саласының ұйымдастырушысы, «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының президенті (2015 жылдан бастап)<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Қор Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде инновациялық мектеп-лицейлер желісін басқарады<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшысы<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

Білімі

2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Университетті аяқтағаннан кейін педагогикалық қызметпен айналысты.

2003 жылы аталмыш университеттің тарих магистрі дәрежесін алған.

Қызметі

2001 жылы қызмет жолын Астана қаласындаңы «Білім-инновация» лицейінде тарих пәні мұғалімі ретінде бастады.

2005 – 2014 жылдары Семей, Өскемен, Қызылорда қалаларында «Білім-инновация» лицейлерінде директор қызметін атқарды. 25 жасында мектеп директоры болып тағайындалған. Ол әрқашан мұғалім болуды армандағанын және білім беру саласын өзінің өмірлік жолы деп санайтынын айтқан<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2014 жылы «Білім-инновация» халықаралық қорының (бұрынғы KATEV қоры) вице-президенті қызметіне тағайындалды.

2015 жылдан бастап қордың президенті ретінде қызмет етеді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Отбасы

Отбасылы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер