Дархан Айтқалиұлы Ділманов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Дархан Айтқалиұлы Ділманов (9 қаңтар 1969, Қызылорда, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы ҰҚК Жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант (04.05.2020), ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің директоры (2014 бастап). Қазіргі уақытта тергеу изоляторында.

Өмірбаяны

1969 жылы 9 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Мәскеу қалалық кеңесі атындағы Мәскеу жоғары шекаралық қолбасшылық Қызыл Ту училищесін бітірген.

Шекара бекеті басшысының орынбасары, бөлімше коменданты, бөлім командирінің орынбасары, шекара жасағының бастығы лауазымдарында офицер болды.

2005 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін бітірген.

2006 жылдың маусымынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары болды.

2008 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті өңірлік басқармасының басшысы болды.

2009 жылы Ресей Федерациясы ФСБ Шекара академиясын бітірген.

2012 жылдың сәуірінен 2013 жылдың шілдесіне дейін — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасы басшысының орынбасары болды.

2013 жылдың шілдесінен 2014 жылға дейін — Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Тәрбие, әлеуметті-құқықтық және кадр жұмысы бас басқармасы басшысының орынбасары болды.

2014 жылдың қазан айында Шекара қызметінің уақытша директоры болып тағайындалды.

2015 жылдың маусымынан — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры юолды.

2020 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери атағы берілді.

2022 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры қызметінен босатылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2022 жылдың 22 маусымында Дархан Ділманов Қазақстан-Қытай шекарасындағы шекара бекеттерінде анықталған өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сотқа дейінгі тергеуі аясында ұсталды<ref>ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды</ref>.

Сілтеме

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер