Даруғабек

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Даруғабек - Орталық Азиядағы хандық (Бұқар хандығы, Хиуа хандығы) жүйе тұсындағы билік өкілінің лауазымы. Даруға, дарға, оғлан, тархан, даруғабек лауазымдары өзінің құзыреті жағынан деңгейлес. Түркі-моңғол көшпелілерінің билік жүйесінде айырықша рөл атқарды. Даруғабектер қағанның, ханның немесе әмірдің иеліктеріндегі билік өкілі болды. Оның негізгі функциясы - алым-салықтың жиналуын қадағалау. Бірте-бірте қолына мол байлық, қаражат жинақтаған аса беделді тұлғаға айналды. Деректерге қарағанда даруғабек іс жүзінде ханның немесе әмірдің бас уәзірі қызметін атқарған. Мемлекет тіршілігіндегі аса маңызды сала әскери істерді ұйымдастыру мәселесімен де айналысқан. Моңғол билеушілері Орталық Азияда және Иранда даруғабекке қызметі ұқсас басқақ деп аталатын билік өкілдерін тағайындаған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Даруғабек|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}