Дарийдің Скифияға жорығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Парсы патшасы Дарий І (Ахеменид) б.д. дейінгі 520 жылы 700 мыңдық әскер жинап, Скифияға бет алды. Соғыстың бірнеше себептері болды. Дарийдің өзі 100 жыл бұрын скифтердің Мидияға басып кіруінің кегін қайтармаққа шешім алдым деп түсіндіреді. Шын мәнісінде тек Азияны ғана емес, сонымен бірге Еуропаны жаулап алуды ойластырған парсы патшасы Қара теңіз бойының астықты аудандарын басып алу үшін, скифтерді талқандамақ болды. Бұл жерлерден Грекия да астық алып тұрған. Шын мәнінде еуропалық құрылықтың жартысын азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, диқан скифтер сол кездердің өзінде көршілеріне астық сатып келді. Болашақ соғыста Грекияны скифтердің экономикалық көмегінен қол үздіріп, сөйтіп, екі халықты әлсіретіп, оларды жаулап алу үшін Дарий осы бір астық пен малға бай ауданды басып алмақ болды. .

Скифтерге жорыққа аттануға дайындалған Дарий қарамағындағы халықтарға хабаршылар жіберді. Ол біреулеріне әскер шығаруды, басқаларына кеме жіберуді, үшіншілеріне Фракиялық Боспордан көпір салуға бұйырды. Көпір Калхедон облысында салынды. Көпірмен әскер өткізіле бастағанда Дарий жағалаудан, Бехистун мекенінен ақ мәрмардан екі баған орнатуды және ассириялық және эллиндік жазуларда ол өзі бастап келе жатқан барлық халықтардың атын жазуға әмір етеді. Біздің уақытымызға дейін жеткен даңқты Бехистун жазуы деген осы. Екінші көпір Истр-Дунай өзені үстінен салынды, өйткені Скифияға дейін жету үшін, Скифияның алдында тұрған Фракияны жаулап алу қажет болды. Фракия Дарийге онша қарсылық көрсете алмады. Сонымен, Дарий әскерлері скиф жерінің шекарасынан көрінді.

Дарий әскерлерінің келе жатқанын білген скиф көсемдері кеңеске жиналып, сонда өздері ғана парсылардың қаптаған қолына ашық соғыста төтеп бере алмайтынына көздері жетеді де, көрші тайпаларға елшілерін аттандырады. Таврлардың, агафирстердің, неврлердің, андрофагтардың, меланхлендердің, гелондердің, будиндердің және савроматтардың патшалары тағы бір кеңеске жиналады. Бірақ кеңесте бірауыздылық болмайды. Гелондер, будиндер және савроматтар келісімге келіп, скифтерге көмектесуге уәде береді. Агафирстер, неврлер, андрофагтар, меланхлендер және таврлар патшалары парсылар олардың тайпаларына емес, өздерінің өштестері - скифтерге қарсы келе жатқан жоқ сияқты, сондықтан олар соғысқа қатыспайды дегенді айтады. . Мұндай жауап алған скифтер парсылармен ашық шайқасқа шықпауға шешім алады, өйткені көршілері көмекке келмейтін болды. Скифтер малдарын айдап, құдықтар мен бұлақтарды бітеп, шөпті жойып, даланы өртеп, баяу шегіне бастайды. ¤з әскерлерін скифтер екіге бөледі. Біріншісі Скопасис патшаның басшылығымен, савроматтармен бірге Танаису өзеніне қарай шегінеді. Бір әскерге біріктірілген екі басқа бөліктеріне Иданфирс пен Таксакис басшылық жасады. Оларға гелондар мен будиндер қосылды. Бұл отряд күндік жердегі Дарий әскерінен скифтермен әскери одақтан бас тартқан тайпалардың жерімен шегінеді. Оларды да парсылармен соғысқа тартпақ болады.

Ақыры үздіксіз тақымдап қуудың нәтижесінде жауласқан екі әскер де Танаис өзеніне жетеді, одан өтіп, савроматтар жері арқылы будиндер аймағына келеді. Будиндер жеріне тереңдеп енген парсылар ағаш қабырғалармен қоршалған қалаға тап болады. Будиндер қашады, қала қаңырап қалады, парсылар оны өртеп жібереді. Бұдан кейін де парсылар скифтерді қууды жалғастыра береді, будиндер елінен де өтеді, ақыры шөлге ілігеді. Шөлдің шетіне Дарий тоқтайды және бір-бірінен бірдей қашықтықта сегіз үлкен бекініс салуға бұйырады. Бұл бекіністерді парсылар салып жатқанда, скифтер оларды солтүстігінен айналып өтіп, Скифияға оралады. Парсылардың алдында скифтердің жоқ екенін білгеннен кейін, Дарий жартылай аяқталған құрылысты тоқтатуға бұйырып, өз әскерін батысқа бұрады. Скифияға оралып, парсылар бұл жерде енді бірлесе қимылдаған скиф әскерлерінің қос отрядына кезігеді. Тікелей соқтығысулар болмаған соң, парсылар скифтерді табандап қуа береді және де скифтер әрдайым олардан бір күндік жер алда жүріп отырады. Осының бәрі бірнеше айларға созылады. Скифтер оларға көмек беруден бас тартқан тайпалардың иеліктері және ең алдымен меланхлендердің елі арқылы шегінеді. Содан скифтер жауларын андрофагтар, содан кейін неврлер жеріне қарай бастайды. Бұл тайпалардың зәре-құтын алып, оларды өздеріне қосылуға мәжбүр етіп, скифтер агафирстерге қарай шегінеді. Бірақ агафирстер алдынан шығып, егер скифтер олардың жерлеріне аяқ басар болса, онда скифтермен шайқасамыз дегенді айтады. Скифтер агафирстер еліне бармай, парсыларды неврлер елінен өз жеріне қарай тартады.

Осылайша соғыс созыла береді және оның соңы көрінбейді. Дарий Иданфирске елші жіберіп, далада айнала беруді тоқтатып, ашық соғысқа шығуды ұсынады. Бұған Иданфирс скифтердің не қаласы, не өңделген жері жоқ, сондықтан олар бүліншілікке ұшыраймын деп қорықпайды деп жауап береді. "Егер сендер біздермен қайткен күнде де соғысқанды қалайтын болсаңдар, онда біздің ата-бабаларымыздың мүрделері бар. Соларды тауып, талқандап көріңіздер, сол мүрделер үшін біз шайқасамыз ба, жоқ па содан кейін білесіңдер", - дейді скифтер патшасы Иданфирс.

Бұл соғыста ұсақ қақтығыстар болмай тұрмайды. Дарий әскері өздеріне тамақ іздегенде, скифтер оларды аңдып тұрды. Скифтердің атты әскерлері әрқашан жау салт аттыларын тым-тырақай қашырды. Қашып келе жатқан парсылық салт аттылар өздеріне көмекке келе жатқан жаяу әскерлерін баса-көктеп кетеді. Мұндайда атты әскердің бетін қайтарған скифтер әрқашан көп болған жаяу әскерлерден үрейленіп, кері қаша бастайды.

Ақыры Дарий әскерінің саны едәуір сирейді, скифтік тактика оны әбден діңкелетеді, содан Дарий қиын жағдайда қалады. Мұны білген скиф патшалары Дарийге құсы, тышқаны, бақасы және бес жебесі бар сәлемдемені жаршы арқылы жібереді. Парсылар сәлемдемені жеткізушіден бұл сыйлықтар нені білдіретінін сұрайды. Ал анау оған тек сыйлықтарды түсіндірулерсіз жеткізу бұйырылды деп жауап береді. Парсылар кеңес құрады. Дарий скифтер өздерін оның билігіне береді және өзіне бағынудың белгісі ретінде жер мен суды береді, өйткені тышқан жерде өмір сүреді, бақа суда, құстар аспанда тіршілік етеді, ал жебелер скифтер қарсылық білдіруден бас тартады дегенді білдіреді деп топшылайды. Бірақ оның кеңесшісі Гобрий басқаша түсіндіреді: "Егер сендер, парсылар, құс сияқты аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқандай жерге індеп кірмесеңдер немесе бақадай батпақтап қашпасаңдар, онда мына жебелер кеуделеріңе қадалып, кейін қайта алмайсыңдар!".

Парсы патшасына сыйлықтарын тапсырғаннан кейін скиф отрядтары - жаяу және атты әскерлері парсылармен шайқасуға жауынгерлік сап түзейді. Скифтер жауынгерлік сапқа тұрғанда, олардың қатарларының арасынан қоян жүгіріп өтеді. Қоянды көрген скифтер оны қуалай жөнеледі, олардың қатарлары бұзылады және олардың қосында айғай-шу шығады. Дарий жау жағынан шыққан шудың мәнісін сұрайды. Скифтер айғаймен аттандап қоян қуып жүргенін естіген Дарий өз жақындарына: "Мына адамдар бізді иттің етіндей жек көреді және Гобрий скиф сыйлықтары туралы дұрыс пайымдағанын мен енді түсініп отырмын. Біз енді аман-есен оралуды ойластыруымыз керек", - дейді. Міне, сонда Гобрий патшаға тағы бір кеңес берді: "Түн болысымен біз әдеттегідей от жағуымыз керек, ошақтағы отты сөндірмес үшін әлсіз жауынгерлерді тағдырдың тәлкегіне қалдырып, скифтер әлі көпірге келмей, оны олар бұзбай, көпір күзетшілері біздер үшін өлімді шешім қабылдамай тұрғанда, өздеріміз шегінуіміз керек", - дейді. Әскерлері өзеннен өтіп, сонымен аман қалады. Сөйтіп, Дарий І-дің Скифияға жорығы абыройсыз аяқталады. Геродот.

Күн батқанда, Дарий әлгі айтылғандарды орындайды. От жағып, ал өзі негізгі әскерлерімен асығыс өткелге қарай беттейді.

Жолдан парсылар адасып, скифтер олардан бұрын өзенге жетеді және көпірде парсыларды ионяндер күтіп тұрады. Скифтер ионяндерге көпірді бұзып, парсыларға қарсы шығуды және солайша бостандық алуды ұсынады. Бірақ ионяндер көсемдері Дарийден алған артықшылықтарын ойлап, естері шығады да, көпірдің тек шетін бұзып, скифтерді алдап соғады. Ионяндер көпірді талқандап жатыр деп сенген скифтер парсыларды іздеп кері бұрылады. Парсылар жол бойы адасқандықтан, скифтер де қателеседі және жауын жолықтыра алмайды. Скифтер қарсыластарын іздеп жүріп, өз елінің атқа жемі мен суы бар бөлігімен жүреді, жаулары осы жолмен шегінуде деп ойлайды. Алайда парсылар өздері бұрын шиырлаған жолға түсіп, ақыры өліп-талып өткелге жетеді. Және ол жерге түнде жетіп, көпірдің бүлінгенін көреді. Бірақ көпір аттар мен жаяу әскерге төсеніші бар кемелерден құралған қалқымалы болады. Бір египеттік көпірді күзетуге Дарий қалдырып кеткен ионянин Гестиейді шақырып, қатқыл дауыспен айғайлай бастайды. Гестией естісімен әскерді өткізу үшін барлық кемелерді жеткізеді де, көпірді орнатады. Парсылардың єскерлері өзеннен өтіп, сонымен аман қалады. Сөйтіп, Дарий І-дің Скифияға жорығы абыройсыз аяқталады.

Дереккөздер

<references/>