Дарагүл қызғалдағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Дарагүл қызғалдағы (Үлгі:Lang-la) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын өсімдік.

Биіктігі 10 - 20 см,пиязшығының қалыңдығы 1 - 2 см,қара қоңыр,созылыңқы,ішкі жағының ұшы жатаған түкті қабықты. Саны қысқарып бара жатқан түр. Алтай, Тарбағатай таулары мен Зайсан шұңқырында кездеседі. Қазақстаннан тыс Оңтүстік Сібір мен Батыс Моңғолияда таралған. Тау етегінен жоғарғы белдеуіне дейінгі шағыл тасты баурайлары мен құмды жерлерінде өседі. Мәдени өсіру тек Қазақстанда сынап байқалды. Алтай ботаника бағында (Риддер қаласы) жақсы гүлдеп, жеміс береді. Тұқымы арқылы және вегетативті көбейеді. Алматы жағдайында толық төзімді емес. Көшіріп отырғызылған пиязшықтары гүлдейді, бірақ 12 жыл ішінде біртіндеп қурап қалады. Жыл сайын жеміс бермейді және вегетативті өте сирек көбейеді. Батыс Алтай қорығында қорғалады. Сәуір айының соңы мен мамыр айының басында гүлдейді. Қазақстаннын <<[[Қызыл кітабына>> еңгізілген.

Дереккөздер

Қазақстаннын қызғалдақтары энциклопедиясынан.