Данышпандық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Данышпандықкемеңгерлік. Данышпандық — адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет саласында қол жеткізуі. Данышпандық — бүкіл адамзаттың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет. Ақыл-ойдың, білімнің молдығы, кең өрістілігі, бүгінгі ақыл-ой жеткен өреге сүйене отырып, келешекті болжау, ой қорытып, түйін жасау, ғылымның келер көкжиегінің жетер жерін анықтауға арналған ой-тұжырымы бар парасатты адамдарды данышпан адам деп атайды. Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иасауи, Шоқан Уәлиханов, Абай сияқты әмбебап данышпан ғүламалар аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір адамның бәрі бірдей данышпан бола бермейді. Психологияда данышпандық деп өте сирек кездесетін қабілеттердің ең жоғарғы дамыған түрін атайды. Данышпандық адамның ақыл-ойы мен іс әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпандық — өмірдің шындығын, яғни оның себебі мен салдарының үйлесімділігін тану. Адамның нақты жағдайын, орны мен рөлін анықтап, оны салауатты өмір сүруге жеткізетін іскерлікті, білімпаздықты және жақсылықты дәлірек түсіну; ақиқат пен әділеттікті адамның мұрат-мүддесіне қолдануды бетке ұстау, адам қызметін сын көзінен, қажет биігінен өткізу арқылы оның ой-сезіміне, әрекетке деген іштей дайындығына, адамгершілік мұратына лайықты мағына табу; ыстық қайратты, нұрлы ақылды, ыстық жүректі бойда сақтау, қателеспей сөйлеу және керектіні ғана істеу — адамгершілік пен имандылықтың таласы; осы мінез-қабілеттерге жеткізетін әр түрлі жағдайды байыппен айналдыру, яғни даралық тұтастығын сақтау. Данышпандық — өмірді, болашақты ойлай біліп, ақылдылықпен айтылған сөз; аса білгірлікпен жасалған іс-әрекет, көрегендік пен көсемдіктің көрінісі.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}