Дани Нұрғисақызы Сәрсекеева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Дани Нұрғисақызы Сәрсекеева — ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (2010), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1961 жылы 7 шілдеде қазіргі Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (1984, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) бітірген.
1991-96 жылдары Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты) Батыс Қазақстан орман тәжірибе стансасында, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында аға оқытушы, 1996-2011 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде кафедра меңгерушісі, доцент, деканның орынбасары, 2011 жылдан кафедра профессоры қызметін атқарады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – орман плантациясы, суармалы орманшылық, жеке орманшылық, орман плантацияларын өсіру технологиясы.
"Научное обоснование технологии поливного плантационного лесоводства на юго-востока Казахстана" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
80-нен астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 оқулық, 1 анықтамалық, 1 инновациялық патенттің, 4 мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының, 5 өндірістік ұсыныстың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер