Дания техникалық университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Университет Дания техникалық университеті (Үлгі:Lang-daDanmarks Tekniske Universitet, DTU) — Копенгагеннің солтүстігіндегі Люнгбю-Торбек коммунасында орналасқан техникалық университет және зерттеу институты.

Тарихы

Университет 1829 жылдың 27 қаңтарында физик Ганс Христиан Эрстедпен ашылды. Алғашыдан мұнда екі мамандық болды: жаратылыстану және механика. ХХ ғасырдың ортасына дейін университеттің ғимараттары Копенгагеннің нақ ортасында орналасты, бірақ жер көлемінің тапшылығына байланысты 1962—1974 жж. университет Люнбюге көшірілді.

Рейтингтері

«Times Higher Education Supplement» 2007 жылғы рейтингінде 130-ші орынды алды, ал 2008 жылы - әлем бойынша техникалық жоғары оқу орындарының арасында 20-шы орын, Еуропада 3-ші орын және Скандинавияда 1-ші орынды алды.

2000-2007 жж. басылымдардың саны бойынша Лейден (Leiden Ranking) рейтингінде DTU Скандинавияда 1-ші орынға және Еуропада 5-ші орынға ие болды. Жоғары оқу орындарының QS рейтингінде 2008 жылы DTU Еуропада 48 орынды және әлем бойынша 133 орында болды.

Сілтемелер