Данияр Мұратұлы Кенжеханов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Футболшы Данияр Мұратұлы Кенжеханов (20 қаңтар 1983 жыл, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, шабуылшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Құрамадағы карьерасы
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2005 жылы 17 тамыз күні Алматыда ӘЧ-2006 іріктеу турнирінде Грузияға қарсы өткізді. 20-минутта оң қапталдан Нұрбол Жұмасқалиевтың асырған добын дәл бағыттап, есеп ашты. Бірақ бұл ойында Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осылайша өзінің дебютінде-ақ гол соқты. Алайда, бұдан кейін ұлттық құрама жейдесінде тағы да 5 рет алаңға шықты да, гол соға алмады.
Құрама сапындағы соңғы ойынын 2006 жылы 28 ақпан күні Финляндияға қарсы өткізді. 2006 жылдың басында құрама тізгінін ұстаған Арно Пайперс Даниярды құрамаға шақырмады.
Клубтық карьерасы
| Жж | Клуб | Матч | (Гол) |
|---|---|---|---|
| 2002 | ЦСКА-Жігер (Алматы) | 25 | (0) |
| 2003 | Каспий | 14 | (3) |
| 2004 | Қарасай сарбаздары | 22 | (10) |
| 2005 | Восток | 28 | (6) |
| 2006–2008 | Алматы | 23 | (4) |
| 2008 | Тобыл | 2 | (0) |
| 2009–2010 | Восток | 27 | (4) |
| 2010– | Оқжетпес | 3 | (0) |
| 2011–2012 | ЦСКА Алматы | 27 | (3) |
| 2012 | Бәйтерек | 0 | (0) |
Ұлттық құрамадағы ойындары
| Дата | Алаң иелері | Қонақтар | Нәтиже | Турнир | Гол |
|---|---|---|---|---|---|
| 17. 08. 2005 | Қазақстан | Грузия | 1:2 | ӘЧ-2006 іріктеуі | 1 |
| 3. 09. 2005 | Албания | Қазақстан | 2:1 | ӘЧ-2006 іріктеуі | 0 |
| 8. 10. 2005 | Грузия | Қазақстан | 0:0 | ӘЧ-2006 іріктеуі | 0 |
| 12. 10. 2005 | Қазақстан | Дания | 1:2 | ӘЧ-2006 іріктеуі | 0 |
| 24. 02. 2006 | КХДР | Қазақстан | 0:0 | Жолдастық | 0 |
| 28. 02. 2006 | Финляндия | Қазақстан | 0:0 (1:3) | Жолдастық | 0 |
| Бары | 1 | ||||