Данияр Айдарұлы Ақылбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ақылбаев Данияр Айдарұлы (1971 ж. т., Алматы) – инженер. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ұрпағы.
Ата-тегі: Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағфүр – Айдар. Одан Данияр. Санкт-Петербург теңіз институтын мұхиттанушы мамандығы бойынша (1996) және Санкт-Петербург гидрология институтының аспирантурасын бітірген. 1988 – 96 ж. «Маңғыстаумұнайгеофизика» өндірістік бірлестігінде ЭВМ операторы, 1996 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы болып істейді.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref>
Дереккөздер
<references/>