Данияров Асылхан Нұрмұхаметұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Асылхан Нұрмұхаметұлы Данияров (10 тамыз1935 жылы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Казгородок ауылы – 1993 жылы) – техника ғылымдарының докторы (1980 жылы), профессор (1987 ж.).

Қарағанды политехника институтын бітірген (1958). «Қарағандыкөмір» комбинатының «Октябрькөмір» тресіндегі шахтада кен мастері, механик (1958–61 жылдары), Қарағанды политехника институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1964–87 жылдары) қызметтерін атқарды. Негізгі ғылым еңбектері мен өнертабыстары механикаландыру құралдарын және оларды пайдаланудың өзіне тән шарттарын ескере отырып, бағалау тәсілдерін жасауға және жетілдіруге арналған. 25 өнертабыстың авторы.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}