Данагүл Ахметкәрімқызы Махат
Үлгі:Ғалым Данагүл Ахметкәрімқызы Махат — тарих ғылымының докторы (2007), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы
1966 жылы 30 қазанда қазіргі Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған.
Семей педагогикалық училищесін (1986), ҚазМУ-ды (1991, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1999), докторантурасын (2007) бітірген.
1991-96 жылдары Алматы қаласындағы №62 орта мектепте мұғалім, 2000-04, 2008 жылдары Еуразия ұлттық университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент. 2009-2011 жылдары Мемлекет тарихы институтында жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2011 жылдан Еуразия ұлттық университетінің "Отырар кітапханасы" ғылыми орталығы директорының орынбасары.
Ғылыми бағыты, еңбектері
Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін. XX ғасырдың 20-, 30-, 50-жылдарындағы Қазақстандағы идеялық күрес, қазақ интеллигенциясы, мерзімді баспасөз, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы рухани-мәдени өмірі тарихы, тарихнамалық және деректану мәселелері.
"Қазақстанда әміршіл-әкімшіл социализм жүйесін қалыптастырудың сталиндік концепциясының мерзімді басылымдарда насихатталуы (1925-1956 жж.)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
100-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>