Дана

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
  1. Дана – білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай, ой-сезімі сергек тұлға.Дәстүрлі қазақ ұғымында «ақылды, парасатты, рақымды адам» деген мағына береді. Даналардың өнегелі өмірі, ғибратты сөздері мен тағылымды іс-әрекеттері – жекелеген топтың, не әлеуметтік жіктің еншілер мирасы емес, барша адамзаттың рухани игілігі. Өмірдің өткінші қызығына елікпей, адамзаттың қарапайым әрі мәңгілік мұраттарын аңсар тұтқан даналар қазақ тарихында да баршылық. Мысалы, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср әл-Фараби, Асан Қайғы, Абай, т.б. Олар – рухани кемелдік сатысына көтеріліп, жан сарайы мен тән тұлғасын тазартқан сайын болмыстың сырын ұғып, пәни мен бақидың мәнін түсіндіру арқылы адамзат ұрпағын шапағатқа бөлеуді мақсат тұтып ғұмыр кешкен адамдар.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998</ref>

ISBN 5-89800-123-9<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

  1. Дана - бір түрге жататын заттардың ішінен жекеленген зат.<ref>Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.</ref>

Дереккөздер

<references/> <references/> <references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub