Даму факторлары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Даму факторлары — баланың психикалық және қылықтық дамуын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарастырады. Даму шарты — адамның дамуына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қоршаған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық және рухтық, мәдени заттар мен құбылыстар және т.с.с.). Дамудың эволюциялық теориясы — баланың психикалық және қылықтық дамуындағы үрдістердің барлығы генотиппен анықталады және ұрықта болмаған нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс бермейді деп түсіндіретін теория. Сензитивтік кезең — адамдағы психологиялық қасиеттер мен қылық түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай тудыратын адам өмірінің кезеңі.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}