Дала қыраны
Үлгі:Taxobox Дала қыраны, қыранқара(Үлгі:Lang-la) – сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Дене тұрқы 60 – 85 см, қанатының ұзындығы 51 – 65 см, салмағы 2,7 – 4,8 кг. Шәулісі (еркегі) ұябасарынан кішірек түсі қара қоңыр, желкесі жирен, тұмсығы қара сұр, тұяғы қара, аяғы сары. Қыранқара ұясын жерге, шың-құзға, сирек те болса ағаш басына салады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref> 1 – 3 ақ сұр, қара дақты жұмыртқа салып, 40 – 45 күнде балапан шығарады. Балапан баяу жетіледі (60 күнде), оны етпен қоректендіреді. Қыранқараның негізгі қорегі – кемірушілер, саршұнақ, қоян, кейде құс балапаны, бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанның Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Мұғалжарда, Шу-Іле тауында кездеседі. Қыранқара зиянды кемірушілерді жеп, өлекселерді жойып пайда келтіреді. Саятшылар Қыранқараны баптап, аңға салады. Қыранқара саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Саны қалпына түсіп келе жатқан түр. Евразияның, соның ішінде Қазақстанның далалық және шөлейтті аймақтарында кең тараған. Әсіресе Батыс Қазақстан мен құрғақ далалы тау бөктерлерінде көп болған. Жыртқыштармен күресу кампаниясынан кейін (50-60 жылдар) саны азайып кетті, екінші себеп - жоғарғы кернеулі электр таратү жүйелерінің сымдарында өлім-жітімге ұшырауы. Бұл қырандардың жердегі ұялары өте жеңіл бұзылады. Бүркіттерді және олардың ұяларын қорғауды насихаттау, сонымен қатар электр жүйесін жеткізетін тіректерді тиымды қорғаныш құрластармен жабдықтау қажет.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>
Мазмұны
Статусы
5-ші санат. Салыстырмалы түрде саны көп, бірақ шамалы жылдар бұрын ол күрт төмендеген
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
уыстың Қазақстан фаунасындағы төрт түрінің бірі.
Таралуы
Евразияның далалы және солтүстік шөлді аймақтары –Дунай өзенінің төменгі сағасынан Забайкалье мен Сары теңіз жағалауларына дейін, оңтүстікте Орта және Орталық Азияның шөлдеріне дейін кездеседі. Қазақстанда ұялау кезінде кең тараған, тек биік тауларда болмайды. Азияның оңтүстігі, Аравия және Африкада қыстайды <ref>1. Корелов, 1962</ref>.
Мекендейтін жерлері
Дала, шөлейт, сирек шөл (құмнан басқа) жерлер, бұлардың жер бедері жазық немесе сәл ойлы-қырлы болуы керек, сирек – аласа таулар не үлкен жоталардың бөктерлері <ref>Корелов, 1962 Дементьев, 1951 Ковшарь, Левин, Белялов, 1986</ref>
Саны
Республиканың батысында кәдімгідей, ал таралу аймағының басқа бөлімдерінде сирек. Мысалы, 1974-1983 жылдары Солтүстік Каспий өңірінде 2822 км автомаршрутта 389 қыран <ref>Шевченко, 1986</ref>, Батыс Бетпақдалада 1983 ж. 1035 км-де – 63, Орталық Бетпақдалада 1984 ж. 1123 км-де – бар-жоғы 2 құс есепке алынған <ref>Ковшарь, Левин, Белялов, 1986 Ковшарь, 1986</ref>. Қоректік жағдайы қолайлы болса тез шоғырлануға қабілетті <ref>. Фадеев, 1986</ref>.
Негізгі әсер ететін факторлар
Жыртқыш құстарға бәрінен көп антропогендік әсерлер теріс ықпал жасайды – адамдар ұяларының 62-85%-н бұзады <ref name="Красная книга КСРО, 1984">Красная книга КСРО, 1984</ref>, құстардың 10%-ы ЭТЖ-ң сымдары мен бағаналарында өлім-жітімге ұшырайды <ref>Шевченко, 1986 Harrison,1975</ref>. Жас құстар көбіне жолда автокөлікке соғылады, бағаналарда отырған көптеген қырандарды атады.
Биологиялық ерекшеліктері
Наурыз-сәуірде ұшып келеді, тамыз-қыркүйекте ұшып кетеді. Ұясын жерге, аласа бұталар мен жартастарға, маяға, сирек ағашқа және ЭТЖ-ң бағаналарына салады <ref>Корелов, 1962 Дементьев, 1951 Красная книга КСРО, 1984</ref>. Сәуірдің бірінші жартысында 1-3 жұмыртқа туады, оларды ұябасары 45 күн шамасында шайқайды, балапандары қанатына 55 күнде отырады <ref name="Красная книга КСРО, 1984"/>. Қорегінің негізін әртүрлі саршұнақтар құрайды.
Қолда өсіру
Қазақстан хайуанаттар парктерінде 20-ға жуық құс ұсталады, бірақ көбеймейді.
Қабылданған қорғау шаралары
Науырызым, Үстірт, Қаратау, Алакөл және Қорғалжын қорықтарында қорғалады.
Қажетті қорғау шаралары
Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік аңшылық инспекциясы жағынан дала қырандарының оңай алынатын ұяларын жаппай бұзуды қатал қадағалау. ЭТЖ-ң бағаналарын тиімді қорғау құралдарымен жабдықтау. Бетпақдалада қорық және бұл түрдің орналасуы өте жоғары болатын Батыс Қазақстанда қорықшалар ашу
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Ұя салу дағдыларын өзгерту жайында эксперименттер жүргізу.
Gallery
- Tawny eagle in closeup arp.jpg
Комбе Мартин паркі, Англия
- Aquila rapax rapax1.jpg
- Tawny Eagle, Serengeti.jpg
- Aquila nipalensis MHNT.ZOO.2010.11.91.18.jpg
Museum specimen
Дереккөздер
<references/>