Далашық жотасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Далашық жотасы – Іле Алатауының оңтүстік-шығыс сілемі. Шілік (Шелек) және Жіңішке өзендерінің суайрығы.
Географиялық орны
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерінде.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2336 м. Ендік бағытта созылған жотаның ұзындығы 35 км, ені 5-12 км. Жонды-белесті келген тау тектоникалық жарықтармен, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстік жайпақтау келген.
Топырағы, өсімдігі
Жотада таудың ормандық күлгін топырағы, ал етегінде қара топырақ қалыптасқан. Баурайында астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер, шатқалдарында орман, тауда альпілік шалғын өскен.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>