Далазығыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Taxobox Далазығыр (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Таралуы
Қазақстанда шөлді, далалы, әсіресе, таулы аймақтарда кездесетін 16 түрі бар.
Ботаникалық сипаты
- Сабақтары тік өседі, жоғары жағы бұтақты, біркелкі жапырақтанған.
- Жапырақтары отырыңқы, ұзынша, жиегі тегіс, үстінде бездері болады, сабаққа кезектесіп орналасады.
- Гүлдері сары, кейде қызғылт күлгін, қалқанша гүлшоғырына топталған.
- Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді.
- Тұқымы ұзынша, сыртын түк басқан, қысқа айдаршасы болады. Далазығырдың көпшілік түрін сәндік үшін өсіреді. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>