Давыдов В.В.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Давыдов В.В. (1930-1998) — дамыта оқыту теориясын құрастырушылардың қатарындағы отандас психолог. Мәскеу мемлекеттік университетінің философиялық факультетінде оқып, аспирантураны да сонда бітірген. 1959-1983 жылдарда Кеңес одағының ПА (педагогикалық академия) жалпы және педагогикалық психология ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, кейіннен сол институттың директоры қызметтерін атқарған. Психология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО-дағы ПҒА академигі, АҚШ-тың Ұлттық білім академиясының құрметті мүшесі. "Вопросы психологии" және "Психологический журнал" деп аталатын журналдардың редколлегиясының мүшесі. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясының дәстүрін және А.Н.Леонтьевтің, С.Л.Рубинштейннің, А.Р.Лурияның, Д.Б.Элькониннің, П.Я.Гальпериннің құрастырған іс-әрекет теориясын жалғастыратын психологиялық мектептің ұйымдастырушысы. Д.Б.Эльконинмен бірге психикалық дамудың жаңадан жастық ерекшеліктеріне байланысты нормаларының жобасын құрастырған.

Еңбектері:

  • "Виды обобщения в обучении",
  • "Логико-лсихологические проблемы построения учебных курсов". М., Педагогика, 1972;
  • "Проблемы развивающего обучения",
  • "Опыт теоретического и экспериментального психологического исследования". М.: Педагогика, 1986;
  • "Теория развивающего обучения". М., 1996.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}