Давид Григорьевич Лория

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Футболшы Давид Григорьевич Лория (31 қазан 1981, Целиноград, Казақ КСР, КСРО)— қазақстандық футболшы, қақпашы. Қазақстанның құрама командасының ойыншысы. Қазақстанның үш дүркін чемпионы (2000, 2001, 2006), қақпашылар арасында ұлттық құраманың рекордсмені. 2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті.

Өмірбаяны

1981 жылы 31 қазанда Ақмола қаласында дүниеге келген.

Білімі

Қызметі

1997– 2019 жылдар – «Жеңіс», «Астана», «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Ризеспор» и «Каршияка» (Түркия) футбол клубтарының кәсіби футболшысы;

2019 жылы спорттық мансабын аяқтады.

2019 – 2020 жылдары «Қызылжар» ФК президентінің кеңесшісі.

2020 – 06.2021 жылдары – «Астана» ФК атқарушы директоры;

2021 – 09.2021 жылдары – «Астана» ФК бас директоры;

2022 – 09.2022 жылдары – «Super Bol» жобасының бас менеджері;

2020 – 2025 жылдары – Астана қаласы Футбол федерациясының президенті.

Марапаттары

  • «Құрмет» ордені (2024 ж.).

Қоғамдық қызметі

  • «AMANAT» партиясының мүшесі.
  • 2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихаты VIII сайланымының депутаты болып сайланды.
  • Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Спорттық мансабы

Спорттағы кәсіби мансабын астаналық Жеңіс футбол клубында бастады. Футболдан Қазақстан жастар құрамасының сапында 1999 жылы Нигерияда өткен U-20 Әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында 47 ойын ойнап, 77 гол өткізген.

Құрамада

1999 жылы Қазақстан Олимпиада құрамасы сапында 8 ойын өткізді.

2000 жылы Ұлттық құрамаға шақырылып, 26 мамыр күні Сирияға қарсы 2000 жылғы Азия кубогы іріктеуінде алаңға шықты. Бұл ойында 4 гол жіберіп алды. Сол жылы 7 қазанда Сауд Арабиясына қарсы жолдастық кездесуде екінші ойынын өткізді. 2001 жылы бір ғана ойында құрама сапында алаңға шықты, 23 сәуірде Макаоға қарсы ӘЧ-2002 іріктеуінде құрама қақпасын қорғады.

Бұдан кейін құрамаға 4 жылдан кейін ғана оралды. 2005 жылы Құрама бапкері Сергей Тимофеев Грузиямен өткен ӘЧ-2006 іріктеу ойынына шақырды. Мұнан соң Тимофеев те, құраманың одан кейінгі бапкері Арно Пайперс те жиі шақырды, тіпті құрамадағыы бірінші орынды ешкімге берген жоқ.

2008 жылы құрама тізгінін Бернд Шторк ұстаған соң Лорияны шақыруды сиретті, Шторктың тұсынде екі кездесуде ғана алаңға шықты. 2011 жылы Мирослав Беранек те Лорияны екі ойында ғана алаңға шығарды.

Бұдан кейін құрамаға бес жылдық үзілістен кейін ғана оралды. 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуінде бірнеше ойында алаңға шықты. 2017 жылы 8 қазанда Армениямен өткен ойында құрама жейдесін соңғы рет киді.

Жетістіктері

Командалы

  • Қазақстан чемпионы: 2000, 2001, 2006
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2007, 2010
  • Қазақстан Кубогының иегері: 2000/01, 2002
  • Шығыс-Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001

Жеке

Жеке өмірі

Сын мен даулар

Давид Лория бірнеше сұхбатында футболдағы алғашқы жолын әкесінің ықпалымен бастағанын айтқан. Григорий Лория ұлын бала кезінен кәсіби тәртіпке, еңбекқорлыққа және төзімділікке баулыған.​

Алайда спорттық ортада және БАҚ-та Лорияның жетістіктерін әкесінің қызметтік байланыстарымен байланыстыратын сын пікірлер жиі айтылған. Кейбір футбол жанкүйерлері мен сыншылар Давидтің ұлттық құрамаға және «Астана» клубына шақырылуын әкесінің ықпалымен деп есептеген

2020 жылы Давид Лория (сол кезде «Астана» футбол клубының бас директоры) мен Sports.kz спорттық порталы арасындағы дау үлкен резонанс тудырды. Портал жариялаған мақалаларда Лорияны «өтірікші» және «бос сөзді адам» деп атап, клуб пен портал арасындағы жарнамалық келісімшартты бұзу туралы ақпаратты «бұрмалады» деп айыптады.

Журналистер клуб басшылығын «жүйені құлатқан әуесқойлар тобы» деп сынады. Лория ар-намыс пен абыройды қорғау туралы сотқа шағым түсіріп, мақалалар «оны аморальды және кәсіби біліксіз тұлға ретінде көрсетуге бағытталған» деп мәлімдеді. Сот кейбір сөз тіркестерін «қорлайтын» деп танығанымен, порталдан кешірім сұрауды міндеттемеді, себебі олар «автордың пікірі, ал факті емес» деп бағаланған.

2023 жылдың тамыз айында «Астана» футбол клубының бас директоры қызметінен босатылған Давид Лория өз қызметінен кету себептеріне байланысты Қазақстан Президентіне ашық хат жолдап, жағдайды түсіндіруді сұрады. Клубтың уақытша басшысы болып Тастанбек Есентаев тағайындалды. Оның айтуынша, жағдай Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожагапанов араласқаннан кейін күрт нашарлаған. Лорияның сөзіне қарағанда, вице-министр премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты жаңылыс ақпаратпен қамтамасыз етіп, клубтың қаржы жүйесін бұғаттаған<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2024–2025 жылдары Қазақстан премьер-лигасындағы бірқатар даулы матчтардан кейін кейбір журналистер мен комментаторлар төрешілер жұмысының әділдігіне күмән келтіріп, оны ҚФФ басшылығымен, атап айтқанда Бас хатшы қызметін атқарған Лориямен байланыстырды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Давид Лорияның әкесі Григорий Лория «Қызылжар» футбол клубының президенті болған кезеңде қызметтік бабын пайдаланып, үлкен көлемде қаржылық құқық бұзушылық әрекеттер жасады деп айыпталды<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Тергеу ісі бойынша ол 2023 жылы бас бухгалтер Ольга Замелецкаямен<ref>Үлгі:Cite web</ref> бірігіп артық көлемде премия төлеу мақсатында құжаттарды жалған жасау, қызметкерлер санын өтірік көбейтіп, қолма-қол ақша шығару сияқты әрекеттер жасаған. Бас прокуратураның хабарлауынша мемлекетке 128 миллион теңге зардап келген<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Ең үлкен даулардың бірі ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиевпен болды. Григорий Лория клубтағы бапкер Әли Әлиевқа () еңбек ақысын айна 1 милионнан 10 милионға дейін өсірген<ref>Үлгі:Cite web</ref>. 2024 жылы тергеу жұмыстары басталғаннан кейін Г.Лория елден кетіп, балалары мен өзінің атындағы жылжымайтын мүлікті сатқан<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Сыртқы сілтемелер