Дəмету
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дəмету — Қазақтың ескіден келе жатқан ырымы.
Дəметудің əр түрі бар. Ал ырымда жас-келіншектердің дəметуінің жөні бөлек. Жас балалар мен келіндер ата-енелері қонақтан келсе, олардан тәтті дəмететін əдеті бар. Əсіресе, балалы жас келіндер дəметсе - оның мəселін қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса, оның емшегі ісіп кетеді. Ал үлкен кісілер, аналар, əжелер жас келіншегі бар үйге "дәметіп қалар" деп, қашанда қалтасына дəм-тұзын сала жүреді. Бұл - əркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.<ref>Қазақтың дарқан дастарқаны. - Алматы: "Алматыкітап баспасы", 2010.</ref> Үлгі:Дәйексөз